Қасым-Жомарт Тоқаев «Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы» АҚ төрағасы Юрий Пяны қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қасым-Жомарт Тоқаев «Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы» АҚ төрағасы Юрий Пяны қабылдады

08.08.2019

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығының» төрағасы Юрий Пяны қабылдады. Кездесуде Мемлекет басшысы еліміздегі медициналық қызметтердің сапасын арттыра отырып, қолжетімді ете түсу маңыздылығын атап өтті. Өз кезегінде Юрий Пя орталықтың негізінде ірі ғылыми-зерттеу және білім беру мекемесін құру жоспары туралы айтты. Жоба халықаралық серіктестермен бірлесе отырып жүзеге асырылады.

 Альбина ӘШІМ

 

Хабарламаларға жазылу