Қасым-Жомарт Тоқаев хоккейден Президент кубогі ойындарының ашылу салтанатына қатысты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қасым-Жомарт Тоқаев хоккейден Президент кубогі ойындарының ашылу салтанатына қатысты

07.08.2019

Елордада шайбалы хоккейден Президент кубогы басталды. Халықаралық турнирдің ашылу сәтіне Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та қатысты. Турнир тамыздың 11-не дейін жалғасады. 5 хоккей клубы Президент Кубогы үшін таласады. Алғашқы болып бүгін астаналық «Барыс» пен Қазанның «Ак барс» клубтары ойнады. Сондай-ақ турнирге қатысуға ниет білдерігендер: Екатеринбургтен «Автомобилист», Нижнекамсктен «Нефтехимик» және Уфалық «Салават Юлаев» клубтары. Елімізде бұл кубок 2010 жылдан бері ұйымдастырылып келеді. Біздің «Барыс» бұл додада төрт рет жеңімпаз атанған еді.

 

Альбина ӘШІМ

 

 

Хабарламаларға жазылу