Ақордада ұлттық тағам түрлерін насихаттау қажеттігі сөз болды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақ тағамтану академиясының президенті Төрегелді Шармановты қабылдап, осы мәселені талқылады. Сондай-ақ кездесу барысында денсаулық сақтау саласын дамыту, елдің бірлігін арттыру мен жастар тәрбиесі де қозғалды.
Альбина ӘШІМ