Елордада іздеуде жүрген 15 қылмыскер ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада іздеуде жүрген 15 қылмыскер ұсталды

05.08.2019

Қылмыс жасап, жазадан жалтарып жүргендер «Қоғамдық тәртіп» жедел алдын алу шарасы кезінде қолға түскен. 1 аптаға созылған рейд кезінде есірткі саудасымен айналысқандар, алкоголь ішімдіктерін рұқсатсыз сатқандар анықталып, үстерінен іс қозғалды.

Тәртіп сақшылары енді «Аулада қабылдау» деген шараны қолға алмақ. Тұрғындар кез келген мәселесі бойынша өз ауласында түрлі бағытта жұмыс істейтін полиция қызметкерлерімен кеңесіп, құқықтық мәселелерін шеше алады. Ал «Қоғамдық тәртіп» жедел алдын алу шарасы дәстүрлі түрде өткізіліп тұратын болды.

Ғосман Жакин, Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаменті жергілікті полиция басқармасының бастығы:

Профилактикалық шара шеңберінде 5 мыңнан астам құқықбұзушылық, соның ішінде 350-ден астам белгіленбеген орында сауда жасау фактісі, 300-ден астам ұсақ бұзушылық анықталды. Елорда аумағында абаттандыру ережесін бұзғаны үшін 1200 жеке және заңды тұлға анықталып, әкімшілік хаттама толтырылды.

Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу