Кездесуде Әсет Исекешев Қордың қазіргі жұмысы, сондай-ақ, әлеуметтік және білім саласындағы түрлі іс-шаралардың жүзеге асырылуы туралы баяндады.
Қордың атқарушы директоры Елбасыға талантты жастарды қолдауға бағытталған «Ел Үміті» жобасы және мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған «Қамқорлық» жобасы сияқты жаңа бастамаларды таныстырды.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан республикасының тұңғыш президенті, Елбасы:
Қор бірқатар іс-шараларды жүзеге асыру үшін тиісті жұмыс жүргізіп келеді. Біз талантты жастарды және дамуында ерекшелігі бар балаларды қолдауға бағытталған «Ел Үміті» және «Қамқорлық» атты жаңа екі жобаны іске асыруды бастаймыз. Талантты жастарымыз ел ішінде және шет елде білім алуы үшін оларға көмектесуіміз керек. Бұл өте пайдалы әрі қажетті жұмыс. Жалпы, Қордың осы бағыттағы жұмысын жандандыру керек.