Биыл 3200 отандасымыз қажылық сапарына аттанды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Биыл 3200 отандасымыз қажылық сапарына аттанды

01.08.2019

Олардың алғашқы легі кеше Алматыдан Мекке-Мединеге ұшып кетті.

Ислам дінінің бес парызының бірі қажылыққа барушылар жылдағыдай Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент, Ақтау қалаларынан барады. Ал, олар үшін осы жылы Сауд Арабиясына қатынау жеңілдетілді. Енді Алматыдан Жидда мен Мединеге тікелей рейстер ашылды. Ол жақта жерлестерімізге діни басқарманың арнайы өкілдері, теолог, дәрігер және өзге де мамандар қызмет көрсетеді.

Серікбай Қажы Ораз, ҚМДБ Төрағасы, Бас Мүфти:

Біз жылдан жылға қажыларымызға көрсетілетін қызметтің түрлері дамып және оның сапасын арттыру мақсатында бірнеше келісімшарттарға қол жеткізген болатынбыз. Мен ойлаймын біздің қажыларымыз сол бар жасалынып отырған мүмкіндіктерді толығынан пайдаланып, аман-есен елімізге оралуын Алладан тілеп қаламын.

Нұрхан НҰРЛАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу