Полиция мойоры Руслан Саидов пен төтенше жағдайлар қызметкері Дмитрий Инкин суға батып бара жатқан екі қызды құтқарып қалған. Оқиға 28 шілде Нұр сұлтан қаласының сыртындағы демалыс орындарының бірінде болды.
Бұл екі азамат та сол күні әдеттегідей кезекшілікке түскен. Демалыс орнын патрульдеу барысында Дмитрий Инкин суға батып бара жатқан қыздарды байқайды. Ойланбастан суға секіріп, біреуін жағаға алып шығады. Сол кезде көмекке Руслан Саидов жеткен.
Дмитрий Инкин, құтқарушы:
Біз екінші қызды құтқарамыз дегенше ол суға тұншығып, есінен танып қалыпты. Жағаға алып шығып, бірден алғашқы медициналық көмек көрсеттік. Одан соң жедел жәрдем шақырдық. Абырой болғанда, қазір екі қыз да дін аман.
Руслан Саидов, полиция қызметкері:
Бір шешім қабылдау керек болды. Адамның жаны тәтті болады екен. Өзім де не қылып кеттім шынын айтқанда. Киіммен түсіп кеттім. Аяқ киімімді шешіп үлгердім болды. Формада болдым.
Қос батырды Нұр-сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов алғыс хатпен марапаттап, естелік сыйлықтар табыстады.
Алтай Көлгінов, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі:
Бұл өзінің борышын, азаматтық борышын, қызметтік борышын адал атқарғанның нәтижесі деп санаймыз.
«Еңбектің еленіп, жұмысымыздың ерлікке баланғаны - біз үшін қуаныш. Болашақта әр қадамға асқан жауапкершілікпен барамыз»,-дейді қос батыр.
Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ