Шымкент қаласының әкімі болып Ерлан Айтаханов тағайындалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкент қаласының әкімі болып Ерлан Айтаханов тағайындалды

30.07.2019

Шымкент қаласына жаңа әкім тағайындалды. Шаһардың жаңа басшысы — Ерлан Айтахановты облыс активіне Президент Әкімшілігінің жетекшісі Қырымбек Көшербаев таныстырды. Бұған дейін Ерлан Қуанышұлы Түркістан облысының Отырар ауданының әкімі болды. «Ал қызметінен босатылған Ғабидолла Әдірахымовқа мемлекет сенім білдіріп, қолдау көрсетті, жауапты қызметтерге тағайындалды, алайда ол — бұл жауапкершілікті толық сезіне алмады»,- деді Қырымбек Көшербаев.

 

Қырымбек Көшербаев, ҚР Президент Әкімшілігінің жетекшісі: 

Оның әрекеті, жүріс-тұрысы ақпарат құралдарында, әлеуметтік желіде жарияланып жүр. Көпшілік мемлекеттің қолдауына зәру кезде, Арыс қаласы қалпына келтіріліп, Түркістан қайта жаңғырып жатқан тұтас мемлекеттің алдында үлкен жауапкершілік тұр. Бұған салғырт қарау Президент тапсырмасына қайшы, биліктің беделіне нұқсан келтіру болып саналады. Әдбдірахымов саяси сенім мүддесінен шыға алмады.

 

Нұргүл АХМЕТОВА

Хабарламаларға жазылу