ҚТЖ цифрлы технологияларды дамыту үшін франциялық компаниямын меморандумға қол қойды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ҚТЖ цифрлы технологияларды дамыту үшін франциялық компаниямын меморандумға қол қойды

30.07.2019

Францияның экономика және қаржы министрі Брюно Ле Мэрдің сапары аясында «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы мен Францияның «Alstom» компаниясы арасында цифрлық технологияларды дамыту саласында меморандумға қол қойылды. Өзара серіктестік шеңберінде шетелдік компания алдымен Қазақстандағы бекеттерге дабыл орнату, оларды блоктау және орталықтандыру жұмысын қолға алмақ. Бұған дейін 25 елде 1500-ден астам жобаны іске асырған екен. Сондықтан Қазақстанда қолға алынған бастама да жақсы нәтиже береді деп сенеді мамандар. Жаңа технологиялар теміржол қатынасындағы қауіпсіздікті арттыруға да септігін тигізбек.

 

Бруно Ле Мэр, Францияның экономика және қаржы министрі:

Біздің қолға алып отырған жобамыз өте ауқымды. Қазақстандағы теміржол қатынасына әлемдегі ең заманауи қондырғыларды ұсынып отырғанымыз. Ынтымақтастығымыз қос тарапқа да тиімді болатынына сенімдімін. Біз жұмысқа франциялық мамандарды ғана тартып қоймай, жергілікті қызметкерлерге де соңғы технологиялармен жұмыс істеуді үйретеміз.

 

Оңғар АЛПЫСБАЙ

 

 

 

 

Хабарламаларға жазылу