Қызылорда облысында «МИ-8» тікұшағы апаты салдарынан қаза тапқан әскерилердің құрметіне мемориалдық тақта қойылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылорда облысында «МИ-8» тікұшағы апаты салдарынан қаза тапқан әскерилердің құрметіне мемориалдық тақта қойылды

30.07.2019

Шараға Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев, өңір әкімі Қуанышбек Ысқақов және қаза болған жауынгерлердің туыстары мен достары қатысты. Қайғылы оқиға осыдан 4 ай бұрын Жалағаш ауданының маңында болды. Апаттан 13 сарбаз көз жұмды. Бірақ олардың әскери қызмет пен Отан алдындағы адалдықтары бәріміз үшін зор мақтаныш, ал сондай ұлдарды тәрбиелеген ата-аналарға мың тағзым,-деді ведомство басшысы.

Нұрлан Ермекбаев, ҚР Қорғаныс Министрі:

Олар қысқа ғұмыр болса да мазмұнды әрі даңқты өмір сүрді. Қазақстанның әскери тарихынан орын алып халықтың есінде сақталып қалды. Қарулы күштер әскери қызметшілердің туыстарына қажетті көмек көрсетуді жалғастырады. Біз қаза тапқан жауынгерлердің отбасын қамқорлыққа алдық.

Ел Президентінің Жарлығымен қаза болған әскери қызметшілер «Жауынгерлік ерлігі үшін» медальдарымен марапатталғанын да еске салып өтейік.

Нысаналы ЫҒЫЛ

Хабарламаларға жазылу