ОҚО: «Шар-шара» кәсіпорны шұжықтың бірнеше түрін шығарады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ОҚО: «Шар-шара» кәсіпорны шұжықтың бірнеше түрін шығарады

28.07.2014
ОҚО: «Шар-шара» кәсіпорны шұжықтың бірнеше түрін шығарады

Оңтүстік Қазақстан облысы, Сарыағаш ауданында кезінде тоқтап қалған кәсіпорындар жекешеленіп, қазір ел игілігіне жарап тұр.

Солардың бірі - Ақжар ауылындағы шұжық зауыты. Жергілікті кәсіпкер ауылдағы өндіріс орнын қайта жөндеп, жабдықтап, ет өнімдерін өңдеуді қолға алған.

«Шар-шара» деп аталатын бұл шағын кәсіпорын бүгінде  ауыл тұрғындарының  тұрақты жұмыс орнына айналып отыр.

Ақжар ауылының орталығындағы мына ғимарат кезінде шарап шығаратын  зауыт  болған. Кейін тоқырау жылдары өндіріс орны тоқтап, қараусыз қалған еді.

 2005 жылы  жергілікті кәсіпкер ғимаратты жекешелендіріп, қолдан келгенше жөндеу жүргізіп, қажетті қондырғылар орнатты. Қазір бұл нысанда ет өнімдері өңделіп, шұжықтың бірнеше түрі шығарылады.

Айгүл Сапарбекова, жұмысшы:

Шұжықтың 12-15 түрін шығарамыз. Екі ауысымда жұмыс істейміз. Жалақымыз өзімізге жетрлік. Барлық жағдай жасалған.

Екі ауысыммен жұмыс істейтін шағын цехта тәулігіне 30 тоннаға дейін өнім шығарылады. 23 ауыл тұрғыны тұрақты жұмыспен қамтылған.

Серіктестік арнайы мал бордақылаумен айналысады. Ал, дайын  өнімдер оңтүстік өңірі мен еліміздің өзге қалаларына тасымалданады.

Қайрат Төреқұлов, кәсіпкер:

Келешекте  өнім сапасын арттырып, Ресейге, Беларусь еліне, Қырғыз Республикасына экспорттаймыз деген ойдамыз.

Жуырда «Максимум» аймақтық инвестициялық орталығынан 13 миллион теңге несие алған кәсіпорын енді мал бордақылау алаңын салмақшы.

Осылайша,   жаңаша қарқынмен іске кірісіп, қосымша жұмыс орындарын ашуды көздеп отыр. 

Жекешелендірудің жемісін көрген серіктестік енді бұл бағыттағы жұмыстарын  жалғастыра береміз, дейді.

Айнұр АҚБАЕВА

 

 

Хабарламаларға жазылу