Моңғолиядан 80 бала Павлодарға жазғы демалыстарын өткізуге арнайы келді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Моңғолиядан 80 бала Павлодарға жазғы демалыстарын өткізуге арнайы келді

29.07.2019

Жеткіншектер Баянауылдың әсем табиғаты аясында және Бурабайдағы «Балдәурен» Республикалық оқу-сауықтыру орталығында демалады. Барлық шығынды «Шетелдегі этникалық қазақтарды қолдау» бағдарламасы аясында «Отандастар» қоры көтерген. Балалар Моңғолия Республикасының 3 қаласы мен төрт аймағынан жиналған, оқу және спорт озаттары. Дені көпбалалы отбасынан шыққан.

Аллаберген Құрметханұлы, оқушы, Өлгий қаласынан:

Біз шетелде жүрсек те жазғы демалысымызды қазақ елінде өткізуге келдік. Әрқашан қазақ елімізді аңсап, сағынамыз. Қазақ еліне келгенімізге өте қуаныштымыз. Қуанышымызды сөзбен айтып жеткізе алмай толқып тұрмыз.

Болат Зауыт, «Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы» РҚБ Павлодар облыстық филиалының басшысы:

Ол балалар жан-жақтан келген балалармен танысып қана қоймай, күн сайын білікті, білімді ұстаздардан дәріс алып, білімін шыңдайды. Мәдени және спорттық шараларға қатысатын болады. Көңілді демалған балалар еліне барғаннан кейін қазақ елінің жеткен жетістіктерін сол елдегі достарына, әке-шешесіне, туған-туыстарына, сыныптастарына насихаттап жатса, ол біздің қазақ елінің жеткен жетістіктерін шетелге насихаттаудың тағы бір амалы.

Болат АМАНБАЕВ

 

Хабарламаларға жазылу