Білім гранттарын бөлу бойынша республикалық комиссияның алғашқы отырысы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Білім гранттарын бөлу бойынша республикалық комиссияның алғашқы отырысы өтті

25.07.2019

64 мыңнан аса жас түлек білім гранты байқауына өтініш берген. Ал мемлекет  биыл 54 мыңнан аса адамға тегін оқуға мүмкіндік бермек.  Бұл елордада өз жұмысын бастаған Бiлiм гранттарын тағайындау жөнiндегi республикалық конкурстық комиссия отырысы кезінде белгілі болды. Оның құрамына мемлекеттiк органдардың, бiлiм саласы кәсiподақтарының өкiлдерi, тіпті Ұлттық кәсiпкерлер палатасының өкілдері енгiзiлген. Гранттардың басым бөлігі яғни 47 пайызы инженерлік, құрылыс және IT мамандықтарына бөлініп отыр. Педагогикалық ғылымдарға 8 мыңнан аса, жаратылыстану ғылымдарына 4 мың грант қарастырылған. Әлеуметтік және экономикалық мамандықтарға ең аз квота, 2 мың грант бөлінген.  Сондай-ақ аз қамтылған және атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардың балаларына қосымша 5 мың орын бөлініп отыр. Отырыс барысында гранттарды тіл бойынша бөлмеу ұсынысы көтерілді.

 

Рахман Алшанов,  ҚР Жоғары оқу орындары қауымдастығының президенті:

Документ тапсырған балалардың ішіндегі 80 пайызы қазақ мектеп бітіргендері. Ал грант бергенде 70 пайыз беріп отырмыз. Бұрынғыдай 50/50, 60/40 дегендей бөлмей тек балмен ғана санауымыз керек деген сұрақ қойып отырмыз.

 

Шерхан ЖАМБЫЛҰЛЫ

 

 

Хабарламаларға жазылу