Жеке тұлғаларға салықтық рақымшылық жасау тәртібі жасақталуда. Оның ережесі жақын күндері қабылданады. Алайда азаматтар бұл жеңілдікті қазірдің өзінде пайдалана алады. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитетінен хабаралады. Осылайша енді мемлекетке салықтық берешегі бар азаматтар негізгі соманы төлеген жағдайда оның үстіндегі өсімпұл кешіріледі. Ол үшін ешқайда барудың қажеті жоқ. Негізгі берешекті төлегеннен соң салық органдарының қызметкерлері өсімпұлды өздері алып тастайды. Кірістер комитетінің айтуынша рахымшылық аясында 1 миллион 400 мың адамның 6 миллиард теңгеге жуық өсімпұлы кешіріледі. Борышкерлердің көбі қазір Түркістан облысы мен мен Шымкент қаласында екен.
Жайдар Инкербаев, ҚР Қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары:
Ешқай жерге бару керек емес. Мысалы, негізгі қарызды төлеген кезде біздің комиссия өзі 3 күн сайын тексеріп тұрады да өсімпұлды шегереді. Оны жеке кабинет арқылы немесе кіріс органдарының сайты арқылы тексеруге болады.
Дулат АБИБУЛЛАЕВ