Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі дискуссиялық клуб ашты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі дискуссиялық клуб ашты

25.07.2019

 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі парақорлармен күресті күшейту мақсатында дискуссиялық клуб ашты. Бұл туралы бүгін Агенттік төрағасының бірінші орынбасары Олжас Бектенов мәлімдеді. Дискуссиялық клубтың алғашқы отырысы тамыз айына жоспарланған. Оның жұмысына кез-келген азамат қатысып, өз ұсыныстарын айта алады. Мекеме сыбайластыққа қарсы әлеуетті арттыру үшін кадр саясатына да соны серпін берген. Мәселен, өңірлік департаменттер мен орталық аппараттың құрылымдық басшылары лауазымына Ұлттық қауіпсіздік комитетінің және Прокуратураның бұрынғы қызметкерлері тартылған. Сонымен қатар департаменттерді жаңадан құрылымдап, бүгін басшыларын бекітті.

 

Олжас Бектенов, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігі төрағасының орынбасары:

Бүгінгі күні жаңа органды қалыптастыру жұмыстары толығымен  аяқталды. Ағымдағы жылдың 22 шілдесінде Мемлекет басшысының Жарлығымен жаңа Агенттіктің ережесі мен құрылымы бекітілді. 

 

Ербол МӘНДІБЕК

Хабарламаларға жазылу