Алматы облысында «Қауіпсіз жол» шарасы өтіп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы облысында «Қауіпсіз жол» шарасы өтіп жатыр

24.07.2019

Республикалық «Қауіпсіз жол» жедел алдын алу шарасы Алматы облысында да өтіп жатыр. Өңір полицейлері бұл жолы басты назарды көлік жүргізушілерінің денсаулығына аударып, жолаушылардың жай-күйін білуге тырысты. Бес күндік акцияда тәртіп сақшылары жедел жәрдем қызметімен біргіп жұмыс істейді. Негізінен алыс сапарға шыққан қоғамдық көліктерді тоқтатып, жүргізушілердің қан қысымын тексеріп, сапардағы азаматтардың жағдайын білуде.

Жалпы, жаз мезгілінде Жетісу өңірінің тұмса табиғатын тамашалап, өзен-көл, тауларында тынығатын туристер саны арта түседі. Сәйкесінше қалааралық автобустар легі көбейіп, облыс аумағындағы жолдарға салмақ түсе бастайды. Сондықтан полицейлер төтенше жағдайдың алдын алып, қайғылы оқиғаны болдырмаудың амалдарын қарастыруда.

Еркебұлан Ахметов, Алматы облыстық Полиция департаменті ӘПБ аға инспекторы:

Жазғы уақытта бізде туристік аумақ болғаннан кейін Алакөл немесе Балқаш көліне Алматы немесе басқа өңірлерден туристер көп келуде. Сонымен қатар жолаушы көліктер де көбеюде. Осы шараны өткізуде солардың денсаулықтарына аса көңіл бөліп жатырмыз.

Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу