Маңғыстау облысында адам қаңқасы табылды. Ақтаулық палеонтолог Владимир Ярцев кезекті зерттеу жұмысы барысында Қарақия ойпатынан әр жерде шашылған сүйектерді анықтады.
Ол әуелі адамның бас сүйегін, одан кейін ортан жілігі мен аяқ сүйектерін тапқан. Палеонтологтың пайымдауынша, жабайы жануарлар мүрдені бірнеше бөлікке бөліп тастаған. Қазір қаңқа сот-медициналық сараптамаға жіберілді. Айта кетейік, екі апта бұрын Ақтаудағы теңіз жағасында құмға көмілген адамның сүйегі табылды. Оның да кім екені анықталып жатыр.
Аягөз ОРАЛБАЙҚЫЗЫ