Қазір Қазақстанда есірткіге тәуелді 20 мыңға жуық, ал ащы суға жақын 100 мыңға жуық адам бар - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазір Қазақстанда есірткіге тәуелді 20 мыңға жуық, ал ащы суға жақын 100 мыңға жуық адам бар

19.07.2019

 

Қазір Қазақстанда  есірткіге тәуелді 20 мыңға жуық, ал ішкілікке салынған 100 мыңға жуық адам бар. Бұл ресми сандар бүгін нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл бойынша Нұр-Сұлтанда өткен баспасөз-мәслихатында айтылды. Мамандардың айтуынша, елордада алкогольге әуестік көбіне 30-дан 44 жасқа дейінгі ерлер мен әйелдерде болады. Ал есірткіге еліретіндердің дені – жастар. Яғни  25-тен бастап 44 жасқа дейінгілер. Өмірді ірітер індетке шалдықандардың басым бөлігінің тек орта білімі бар, тұрақты жұмысы жоқ азаматтар. Дегенмен бұрынғы сандармен салыстырғанда, қалада ескірткіге тәуелділер саны төмендеген. Тек синтетикалық түрін пайдаланатындар көбейіпті.  

 

Тоқтар Қойшыбеков, Наркология және психотерапия орталығының дәрігер-наркологы:

Егер Нұр-Сұлтан қаласын алсақ, соңғы уақытта мұнда есірткіге тәуелділер 13 пайызға азайғаны байқалады. Бұл 1200 - ге жуық адамға «есірткіге тәуелділік» диагнозы қойылды деген сөз. Жалпы Қазақстан бйынша, соңғы 10 жылда бізде наркологиялық есепте тұрған адамдардың, яғни алкоголь мен есірткіге тәуелді адамдар айтарлықтай азайған.

 

Армангүл ТОҚТАМҰРАТ

 

 

 

 

Хабарламаларға жазылу