Ел газеті «Егемен Қазақстан» ұжымы Ұлттық арнаның жолдаған жыр эстафетасын жалғастырды.
Аз уақытта әдемі дәстүрге айналған бастама өз елімізбен шектелмей, шетел асып үлгерді. Өнерде шекара жоқ. Әнші мен шенді де, жас пен кәрі де ұлы Абай өлеңдерін жаппай оқып жатыр. Қазақтың бас ақыны Абайдың 175 жылдығына орай бастау алған эстафета қазір әлемдік сипатқа ие болды десе де болады. Жер шарының әр бұрышында Димаштың жанкүйерлері де тіл сындырып, Абай өлеңдерін оқып жатыр. Республикалық басылымдағы әріптестеріміз ақынның бірнеше өлеңдерінен үзінді оқыпты.
Асима НҰРБАЙҚЫЗЫ