Президент Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жайылғанованы қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жайылғанованы қабылдады

16.07.2019

«Президенттің кадрлық резервін» құру жұмысы жалғасуда. Бүгін Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жайылғанова Президенттің қабылдауында болып, атқарылып жатқан жұмыстың жай-жапсарын баяндады. Сондай-ақ, ол мемлекеттік қызметтерді түгелдей электрондық форматқа көшіру барысы жайлы есеп берді. Қасым-Жомарт Тоқаев агенттік төрағасына Мемлекеттік басқаруды дамытудың тұжырымдамасын әзірлеуді тапсырды. Бұл тұжырымдама мемлекеттік қызметтердің тиімділігін арттырып, билік басындағыларға қойылатын талапты күшейтуі тиіс.

 

 Шынар АСАНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу