Мемлекет басшысы Ақордада әкімдермен кеңес өткізді

15.07.2019

Мемлекет басшысы бүгін Ақордада облыстардың және Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдерімен кеңес өткізді. Президент өз сөзінде өңірлердің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелерін шұғыл шешу үшін әкімдердің алдына бірқатар міндет қойды.

Қасым-Жомарт Тоқаев әкімдер корпусына халықтың талаптарын жүйелеуді және оларды шешу үшін жан-жақты жұмыс жүргізуді, сондай-ақ олардың қажеттілігі өңірдің әлеуметтік жол картасында көрініс табуы керек екенін тапсырды. Мемлекет басшысының пікірінше, өңірлік билік облыстар мен қалалардағы тұрақтылық үшін жауапкершілікті өздеріне алуы тиіс.

 

Дулат АБИБУЛЛАЕВ

 

Хабарламаларға жазылу