Шығыс Қазақстан облысындағы шалғай жатқан елді мекендерге 700-ден астам мұғалім қажет - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шығыс Қазақстан облысындағы шалғай жатқан елді мекендерге 700-ден астам мұғалім қажет

12.07.2019

Жұмыс бар, маман жоқ. Шығыс Қазақстан облысында 1762 жұмыс орны бос тұр. Аймақта, әсіресе білім саласындағы кадр тапшылығы қатты байқалады. Облыс орталығынан шалғай жатқан елді мекендерге барлығы 700-ден астам мұғалім керек. Сондай-ақ өңірге білікті  170 ветеринар қажет. Құрылыс, өңдеу өнеркәсібі бойынша инженерлер де жетіспей жатыр. Осы олқылықтың орнын толтыру үшін Өскеменде бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті. Оған облыстағы барлық қала мен аудандардан 70-тен аса кәсіпорын мекеме қатысып, 1 мыңға жуық жұмыс орнын ұсынды. Жәрмеңкеге шағын және орта бизнес өкілдері де қатысып, жастарды жұмысқа шақырды.

 

Жұмәділ Әсет, жас маман:

 

Бітірген соң қазір бізге жұмысқа тұру және көшіп келу бойынша көптеген ұсыныстар түсіп жатыр. Осы жерде жұмыс табам деп үміттенемін.

 

Тимур Жігітаев, Облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы басшысының орынбасары:

 

Жұмыс берушілер мамандармен көзбе-көз сөйлесіп, өз ұсыныстарын жасап жатыр. «Серпін» бағдарламасымен оқу бітіргендер де Шығыс Қазақстан облысында қалмақ. Оған қоса басқа жақтан көшіп келіп жатқан отбасыларға мемлектетік бағдарлама бойынша барлық көмек көрсетіліп жатыр.

 

Берік КӨШЕРБАЙ

Хабарламаларға жазылу