Шомылу маусымы басталғалы бері еліміз бойынша 126 адам суға батып кеткен. Оның елуі – балалар. Бұл туралы Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы Владимир Беккер мәлімдеді. Айта кетейік, былтыр жалпы шомылу маусымы кезінде 122 адам көз жұмған екен. Жаз ортасына жетпей жатып, мұндай оқиғалардың көбейгендіктен, құтқарушылар қауіпсіздік ережелерін сақтау туралы үгіт-насихатқа кірісті. Инспекторлар халық арасында 170 мыңнан астам парақша таратып тастаған екен. Адамдардың суға кетуіне негізгі себептер — шомылу кезінде өз күшін дұрыс бағаламау мен ережелерді елемеу. Сондықтан құтқарушылар қоршау белгілерінен тыс және тыйым салынған жерлерде шомылмауды, балаларды қараусыз қалдырмауды ескертеді.
Владимир Беккер, Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы:
Ең көп адам шығыны болған өңірлерді атап өтсем, Ақмола облысында 10 адам, Батыс Қазақстанда да 10 адам, Қостанай облысында 3 адам суға батып кеткен. Осы апта бойы аптап ыстық болғандықтан, соңғы 4 күннің өзінде еліміз бойынша 31 адам, оның ішінде 12 бала судағы қауіпсіздік ережелері сақталмауының құрбаны болды.
Альбина ӘШІМ