«Өз бизнесіңді баста» акциясы басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Өз бизнесіңді баста» акциясы басталды

24.07.2014
«Өз бизнесіңді баста» акциясы басталды

Бүгін Астанада бизнеспен айналысуды көздейтін азаматтарға тегін семинар өтті.

Бұл игі шараны «Нұр Отан» партиясы мен «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры бірлесіп ұйымдастырды. «Өз бизнесіңді баста» деп аталатын шарада мамандар екі күн бойы азаматтарға кәсіпкерліктің жылдам курсын оқытады.

Бизнесті неден, қалай бастау керек, жоспарды қалай құрса дұрыс болады, қайда тіркелу қажет, жеңілдетілген салық төлеу үшін не істеу керек? Мамандар осы және басқа да аталмыш саланың түйткілді мәселелерін талқыламақ.

Семинар соңында тыңдаушыларға сертификат беріледі. Сол құжаттың негізінде «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы бойынша пайызы төмен несие алуға болады. 

Дана Тәуіпбаева, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ менеджері:

Несиенің жалпы сомасы жаңа іс бастаған кәсіпкерге 20 миллион теңге. Оның 70 пайызына дейін банк алдында ішінара кепілдік береді.  Қалған 30 пайызына дейін кәсіпкер өз тарапынан банк алдынан мүлік немесе депозит қойып, әрі қарай бизнесті бастауға осы қаражатты алып, жүзеге асырады.

Сәуле АЛДАМҰРАТҚЫЗЫ

 

 

 

 

Хабарламаларға жазылу