Арыстық 170 бала Павлодардағы жазғы лагерьге демалуға барды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Арыстық 170 бала Павлодардағы жазғы лагерьге демалуға барды

11.07.2019

Бүгін Павлодарға Арыс қаласынан тағы 170 бала келді. Олар Шарбақты ауданы және Ақсу қалаларына аттанды. Арыстан келген 300 оқушының жазғы демалысын ұйымдастыру бюджеттен ғана емес, коммерциялық құрылымдар тарапынан да қаржыландырылады. Негізі демалыс маусымы 15 күнге арналған, бірақ балалардың қалауы бойынша 1 айға дейін ұзартылуы мүмкін. Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін осы аймақ 130 оқушыны қабылдаған болатын. Олар  табиғаты керемет Баянауылда демалып жатыр.

 

Ризагүл Неғманова, Шарбақты ауданы әкімінің орынбасары:

 

Мұзафар Әлімбаев жырлаған Маралды көліне апарып балаларға бар жағдайды жасап, біздің осы Шарбақты елі бойынша, Павлодар облысы бойынша жақсы естелік болып қалып, келесі жылы өздері келетіндей қылып жұмыс жасайын деп отырмыз.

 

Нұршат Серік, оқушы:

 

Менің ойымша, бұл менің өмірімдегі ең керемет лагерь деп есептеймін. Мен Арысқа қайтатын кезімде бұл лагерьді сағынамын. Келесі жылы да келуге тырысамын.

 

Болат АМАНБАЕВ     

 

 

Хабарламаларға жазылу