Канаданың Виннипег қаласындағы қонақ үйлердің бірінде көмірқышқыл газынан 46 адам уланып қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Канаданың Виннипег қаласындағы қонақ үйлердің бірінде көмірқышқыл газынан 46 адам уланып қалды

10.07.2019

Зардап шеккендердің барлығы дереу ауруханаға жеткізіліп, қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Дәрігерлер олардың 15-нің жағдайы өте ауыр деп отыр.

Оқиға таңғы сағат 10-дар шамасында болды. Құтқарушылар меймандар мен қызметкерлерді эвакуациялап, ғимараттағы газ құбырларын жапты. Мамандардың айтуынша, ауадағы көміртегі монооксидінің мөлшері 385 промиллеге жеткен. Бұл - адамға иіс тиіп, улану деңгейінен 38 есе жоғары көрсеткіш. Сондықтан, адамдардың көбі есінен танып қалған.

Газдың не себепті ағып кеткені әлі белгісіз. Қазір тергеу жүргізіліп, істің мән-жайы анықталып жатыр.

Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу