Еліміздің бірқатар өңірінде қатты ыстық болады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еліміздің бірқатар өңірінде қатты ыстық болады

09.07.2019

Қазақстанда шілденің шіліңгір ыстығы басталды. Синоптиктер қатарынан бірнеше облыста ауа райына қатысты дабылды ескерту жариялады. Алдағы күндері елдің басым бөлігінде сынап бағанасы +40 градусқа дейін көтеріледі деп болжануда.

 

Тіпті, Қызылорда облысында ауа температурасы +42 градусқа дейін жетеді. Ал Түркістан өңірінде 3 күн қатарынан қатты ыстық болады. +43 градусқа дейін көтерілмек.

 

Есесіне елдің шығысында бұршақ жауып, найзағай ойнайды, дауыл тұрады. Желдің екпіні секундына 25 метрге дейін жетпек.

 

Асима НҰРБАЙҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу