Мемлекет басшысы Жоғары Сот кеңесінің төрағасына судьяларды іріктеу тетігін қатаңдатуға бағытталған нақты ұсыныстар әзірлеуді тапсырды.
Сондай-ақ Ақордадағы қабылдау барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Талғат Донақовқа сот жүйесін одан әрі жетілдіру қажеттігін жеткізді. Өз кезегінде Жоғары Сот Кеңесінің төрағасы Президентке биылғы бірінші жартыжылдық жұмыс бойынша да есеп берді.
Альбина ӘШІМ