Ақмола облысында көліктер қақтығысынан 6 адам қайтыс болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақмола облысында көліктер қақтығысынан 6 адам қайтыс болды

09.07.2019

Көліктер қақтығысынан 6 адам қайтыс болды. Жол-көлік оқиғасы Екатеринбург-Алматы тасжолында Астрахань ауданының Жалтыр елді мекенінен 20 шақырым қашықтықта орын алды. Атбасардан Нұр-Сұлтан қаласына бағытталған Мерседес автокөлігінің жүргізушісі қарсы жолаққа шығып кеткен. Салдарынан ВАЗ маркалы көлікпен бетпе-бет соғылады. Оның артында келе жатқан жеңіл автокөлік те қақтығыстан құтылмаған. ВАЗ көлігінде болған 5 адам және Mercedes-Benz-те отырған бір жолаушы оқиға орнында тіл тартпай кетті. 6 адам түрлі дене жарақаттарымен ауруханаларға жеткізілді. Бүгінде бірнешеуінің жағдайы ауыр.

Гүлнәр Пинчук, облыстық Полиция департаментінің баспасөз хатшысы:

ВАЗ-21015 көлігінің жүргізушісі мен 4 жолаушысы және Mercedes-Benz-тегі бір жолаушы көз жұмды. Бұл оқиғаға байланысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 345-бабы 3-тармағына сәйкес, яғни адам өліміне әкелген жол ережесін бұзу дерегі бойынша сотқа дейінгі іс қозғалды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.


 

Хабарламаларға жазылу