Алматыда мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындар цифрлық технологияның жетістіктерін халықтың игілігі үшін пайдалана бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындар цифрлық технологияның жетістіктерін халықтың игілігі үшін пайдалана бастады

08.07.2019

Алматыда мемлекеттік мекемелер мен тұтынушыларға қызмет көрсететін кәсіпорындар цифрлық технологияның жетістіктерін халықтың игілігі үшін пайдалана бастады. Себебі Мемлекет басшысы ұсынған 10 басым бағыттың негізі — өңірлерді дамытудың жаңа бағдарын түзуге арналған. Сондықтан "Тұтынушылардың сандық технологияны тез меңгеруі – уақытты үнемдеуде тиімді", - дейді мамандар.   

Құрылысшы-электромантаж инженері Рүстем Әлиханұлы елдің әр тұрғыны баспаналы болғанша, жұмысын бір сәтке де тоқтатпайтындығын жеткізді. Себебі Президент жауапты мамандардың алдына "Бірыңғай тұрғын үй саясатын" жасақтау міндетін қойды. Сондықтан осы тапсырманы уақытылы орындау үшін олар сандық технологияның жетістігін пайдалануға басымдық берген.  

 

Рүстем Әлиханұлы, құрылысшы:

 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ел дамытудың 10 бағытының бірі ел-жұртты тұрғын-үймен қамтамасыз ету. Біз де бұл салада жұмыс істеп келе жатырмыз. Тұрғын үйрді электр қуатымен қамтамасыз ету. Бұған қатысты керекті мағұлматтарды беріп, бес күннің ішінде бізге керекті шартты алдық.

 

Ірі мегаполистегі барлық мекеме жұмысты жеделдету үшін сандық технологияның мүмкіндіктерін толыққанды пайдалануға кірісті. Бұл уақытты тиімді пайдаланып, жұмысты жеделдетуге жол ашады. Сондықтан аталған кәсіпорын цифрлық жүйеге көшудің тұтынушыларға да пайдалы екендігін айтты.

 

Гүлнара Исабекова, Техникалық шарттар басқармасының маманы:

 

Президентіміздің 10 бағыты берілген. Соның ішінде аймақтарды дамыту. Бүгінгі күні біздің мекемеміз сол бағыты жағында үлкен жұмыстар атқарып жатыр.

 

Мұнда қазір 4000 адам еңбек етеді. Олар алып шаһар мен Алматы облысының тең жартысын жарықпен қамтамасыз етіп отыр. Сондықтан мамандар болашақта энергия көзін арттырып, өңірді қуатты аймаққа айналдыруға күш жұмсамақшы.

 

Нұрхан НҰРЛАНҰЛЫ

 

Хабарламаларға жазылу