Облыс орталығында 9 қабатты 2 үй пайдалануға берілді. Пәтер алғандардың дені «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» салымшылары. Ал, 20 тарта баспананы аймақтағы ірі кәсіпорындардың бірі өз жұмысшыларына сатып алған. Жаңа пәтер кілттері көп балалы отбасыларына да берілді. Қуат және Жазира Құспековтер үш ұл, үш қыз тәрбиелеп отырған іргелі шаңырақ. Отағасы еліміздің қорғаныс саласында қызмет атқарады. Бұған дейін олар пәтер жалдап тұрған.
Қуат Құсбеков облыстық Қорғаныс істері басқармасының бөлім бастығы:
Қорғаныс министрлігі бізге жалдамалы пәтер құнын төлеп беріп отырды. Дегенмен өз үйіндей болмайды. Ертең үлкен мереке болайын деп жатыр. Сол қос қуанышқа бүгін бізде ие болып, пәтерлі болып, сондай жақсылықтар болып отыр.