Қыруар қаржыға алып еккен талдарға уақытында күтім жасалмайды. Салдарынан өсімдіктер қурап, құрып кетудің сәл-ақ алдында.
Қаланы көгалдандыруға «Ақтау соқырлар қоғамы» бірлестігі жауапты. Тұрғындардың айтуынша, өсімдіктерге ешқандай күтім жасалмайды. Талдар суарылмайды, қураған ағаштар кесілмейді, дер кезінде дизенфекция жүргізілмейді. Жол жиегінде қалай болса солай өскен жасыл желекті сәндеу жұмыстары жолға қойылмаған. Ал, жергілікті әкімдік болса көгалдандыру мәселесін енді қолға алды. Әр шағын ауданға маман бөліп, атқарылған жұмысты қадағалай бастады. Ал, алдағы уақытты Алматы қаласының тәжірибесін енгізуді жоспарлайды.
Қайрат Ақыбаев, Ақтау қалалық Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөлімінің басшысы:
Бюджеттік комиссия қолдаса, депутаттар қолдаса болашақта 5 жылға бір мекемеге беріп тастап, сол мекемемен жүзеге асырғымыз келеді. Ол кім болатыны белгісіз. Біздің ойымыз, жергілікті «ботаникалық бақ» деген мекеме бар.СКЛ 100 ге жуық имаманы бар, 40 жылдық тарихы бар. Солар жеңіп алса деген ой ниетіміз бар.