Мемлекет басшысы ұсынған 10 басым бағыт - шалғайдағы елді мекендердің тұрмысын түлетуге негіз болмақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысы ұсынған 10 басым бағыт - шалғайдағы елді мекендердің тұрмысын түлетуге негіз болмақ

05.07.2019

Бұл Алматыда бас қосқан ауыл шаруашылығы саласы ғалымдарының ортақ пікірі. Олардың сөзінше, тағам өндіруді ғылымға негіздесе, экспортқа жол ашылады. Себебі, Қазақстанның табиғи таза өніміне әлемдік нарықта сұраныс көп. Ал, бұл бағытта білікті мамандарды даярлау - ең негізгі міндеттердің бірі. Тілші материалы.

 

Зәкір Зәріп - студент. Ол оқуын тамамдаған соң, ауыл шаруашылығын өркендетуге күш жұмсаймын, деп отыр. Қазір болашақ маман елдің әр қиырындағы топырақ құрамын зерттеуге кірісті.

 

Зәкір Зәріп, студент:

 

Президент елді дамытудың 10 басым бағытын айқындап берді. Соның бірі өңірлерді дамыту Ал, енді өңірлерді дамыту дегеніміз бұл тікелей ауыл шаруашылығымен байланысты. Ал, енді ауыл шаруашылығын дамыту дегеніміз бұл жерде ең бірінші топыраққа келіп тіреледі. Мәселенің бәрі. Өйткені, алынатын өсімдіктер болсын сол өсімдіктермен қоректенетін мал шаруашылығының барлығы топырақтың құнарлылығына, топырақтың жағдайына байланысты болады.

 

Ғалымдардың айтуынша, ауыл шаруашылығын дамыту үшін ғылымға иек артпаса, басқалай әрекет ету бекерлік. Себебі, кейінгі ғылыми жаңалықтарды жете меңгермеген шаруалар дархан даланы игеріп, оның игілігін көре алмайды.

 

Тілектес Есполов – Қазақ ұлттық аграрлық университетінің ректоры:

 

Қазақстан әлемде жер көлемі бойынша 9 орынды алады. Ал, енді әр адам басына бөлгенде Австралия, Канададан кейінгі үшінші орынды аламыз. Ал, енді жеке әр қазақстандыққа бөлсек ауылшаруашылық жері әр қазақстандыққа тиесілі 15 гектар, 1,3 гектар ол егістік жер/. +07-34 Өңірді дамыту өңір инфрастуктурасын дамыту, өңір мәдениетін дамыту, топырақ ресурстарын тиімді пайдалану және ұйымдастыру ол ерекше мәдениет, ерекше өнер.

 

Ауыл шаруашылығын дамыту арқылы аймақтардағы экономикалық ахуалды өзгертеміз. Зерттеушілердің пікірі осы. Олар Қазақстанның барлық өңірінде егін егіп, мал өсіруге арналған жерлер толыққанды игерілмей жатқандығын айтып, дабыл қақты. Сондықтан, салаға қажетті мамандарды даярлауда бірқатар өзгеріс керек, дейді мамандар.

 

Нұрлан АСҚАРҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу