Қызыл кітапқа енген «Алтын тамыр» өсімдігін қазған 12 адам ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызыл кітапқа енген «Алтын тамыр» өсімдігін қазған 12 адам ұсталды

04.07.2019

Шығыс Қазақстанда қызыл кітапқа еңген «Алтын тамыр» өсімдігін қазумен айналысқандар ұсталды. 12 адамнан құралған топты табиғатты қорғау полициясы, шекара қызметі мен «Охотозоопром» мекемесінің өкілдері арнайы рейд барысында қолға түсірді. 27 мен 51 жас аралығындағы ер адамдар алтын тамырды Зайсан ауданының аумағындағы таулардан заңсыз қазып алған. Енді олар айыппұл төлейді немесе 3 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Қазіргі таңда табиғатқа келтірілген залал мөлшері есептеліп жатыр. Тәркіленген өсімдіктер сот-биологиялық сараптамаға жіберілді.

 

Әсет Қизатов, ШҚО ПД Табиғатты қорғау полициясы бөлімшесінің аға инспекторы:

 

Бәрі Алматы облысының тұрғындары. Қазіргі таңда олардан 30 қап тамыр тәркіленді. Ол кісілерге ҚР Қылмыстық Кодексінің 33 бабына сәйкес іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр.

 

Берік КӨШЕРБАЙ

Хабарламаларға жазылу