Арыс қаласында әскери оқ-дәрілердің қалдықтарын жою жұмыстары жалғасуда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Арыс қаласында әскери оқ-дәрілердің қалдықтарын жою жұмыстары жалғасуда

04.07.2019

Арыс қаласында әскери оқ-дәрілердің қалдықтарын жою жұмыстары жалғасуда. Осы мақсатта арнайы 42 топ құрылды. Олар қаланың іргесін, қойманың төңірегін түгелдей минадан тазартады. Мамандар таңғы сағат тоғыздан кешкі алтыға дейін жұмыс істеп жүр. Бұл туралы Қорғаныс министрінің орынбасары Тимур Дәндібаев мәлімдеді. Оның айтуынша, тасымалдауға келмейтін жарылғыш заттар қойма аумағында жойылады. Ал тасымалдауға келетін снарядтар арнайы полигонда жойылады. Барлық қауіпсіздік шаралары ескерілген.

 

Тимур Дәндібаев, ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары:

 

Жергілікті  тұрғындармен күдікті заттарды табу мәселесі  бойынша түсіндіру жұмысы белсенді жүргізілуде. Жеке құрам Арыс тұрғындарының үйлеріне қайтып оралуына көмектесуде. Әскери психологтар тобы іс-шара тұрғындарға кеңес беурді жүзеге асыруда.

 

 

Ербол МӘНДІБЕК

Хабарламаларға жазылу