Еліміздің бірнеше облысында ҰБТ комиссиясын күту үшін дастархан жайған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еліміздің бірнеше облысында ҰБТ комиссиясын күту үшін дастархан жайған

04.07.2019

Ақшаны жергілікті билік мектеп директорларынан жинаған екен. Мұндай фактілерді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілдері анықтап, бүгін журналистерге жариялады. Мәселен, Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы әкімінің орынбасары және Қандыағаш қаласы №4 мектебінің директоры Білім және ғылым министрлігі комиссиясының мүшелеріне дастархан жаю үшін мектеп директорларынан жалып көлемі 540 мың теңге бопсалаған.

 

Арман Бердалин, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қоғаммен байланыс департаментінің директоры:

 

Жергілікті мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғалары Білім және ғылым министрлігінің комиссия өкілдеріне, атап айтқанда, ҰБТ өткізуге жауапты тұлғалардың бос уақытын ұйымдастырғаны жөнінде ақпарат келіп түсті. Атап айтқанда, Жамбыл облысында жергілікті филиалдың жетекшісі комиссия мүшелеріне арнап 25 адамға мейрамханада ішімдік қосылған керемет кешкі ас ұйымдастырған.

 

Ал Шымкентте Ұлттық бірыңғай тестілеуден жоғары балл алып беріп, грантқа түсіруге уәде еткен қалалық білім басқармасының маманы анықталды. Бұл әрекеттері үшін мемлекеттік қызметкер алдын-ала 500 мың теңге алған екен. Ал Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері оны параның бір бөлігін қайтарып жатқан жерінен ұстап алған.

 

Альбина ӘШІМ

Хабарламаларға жазылу