Арыста құрылыс қарқын алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Арыста құрылыс қарқын алды

04.07.2019

750 үйді жөндеу басталды. облыс әкімі жұмыстың басы-қасында. Шаруаны ширату үшін әр секторды аралап шықты. Әуелі Жамбыл облысы штабына аялдап, жұмысшылармен кездесті. Бұл облыс 3-ші сектордағы жөндеу жұмыстарына жауапты. Нақтырақ айтсақ, 11 көшенің бойындағы 327 жер үйді қалпына келтіру жүктелген. Бұдан бөлек, 14 әлеуметтік және коммерциялық нысан бар. Ал, жалпы шығын көлемі 1 мрлд 200 млн теңгені құраған. Іске білек сыбана кіріскен жамбылдық құрылысшылар мен еріктілер 2 күнде 5 үйді жөндеп бітірген.

 

Біржан Сөктай, Жамбыл облысы әкімінің кеңесшісі:

 

Қажетті құрылыс материалдары күн сайын кеп жатыр... Айта кетейік, Арыс қаласын қалпына келтіру үшін жамбылдық 16 құрылыс компаниясы, 180 жұмысшы жұмылдырылған.

Хабарламаларға жазылу