Сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұлов АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Майк Помпеомен кездесті. - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұлов АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Майк Помпеомен кездесті.

03.07.2019

Қазақстан Cыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұлов АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майк Помпеомен кездесті. Министрдің Америкаға ресми сапары аясында бірнеше жүздесу өткізіп, келіссөздер жүргізу жоспарланған.

Осы кездесуден кейін, АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Америка мен Қазақстанның кең ауқымды стратегиялық серіктестігін батыл қолдайтынын айтты. Ол Қазақстанның жаңа Президентімен екіжақты қатынастарды одан әрі нығайтуға үміттенетінін жеткізді. Бұл туралы Америка Құрама штаттарының «СТЭЙТ.ГОВ» сайты мәлімдеді. Сондай-ақ, ол Қасым-Жомарт Тоқаевтың халықтың еркіндігін қорғауды күшейту жөніндегі мәлімдемесіне де ілтипат білдірді. Майк Помпео Қазақстанның Сириядан өз азаматтарын қайтарып алуын және азаматтығын қалпына келтірудегі жаһанға үлгі боларлық көшбасшылығын жоғары бағалады. Бұл саладағы тәжірибесімен өзге елдермен бөлісуге шақырды.

 

Фариза МҰСАҚЫЗЫ

 

Хабарламаларға жазылу