Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Энергетика министрі Қанат Бозымбаевты және ірі шетелдік компания өкілдерін қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Энергетика министрі Қанат Бозымбаевты және ірі шетелдік компания өкілдерін қабылдады

03.07.2019

Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Энергетика министрі Қанат Бозымбаевты қабылдады.  Қазақстан Президентіне ОПЕК кездесуінің қорытындылары мен аталған ұйымға кірмейтін Мұнай өндірісін шектеу туралы келісімге қол қойған елдер жөніндегі мәлімет берілді. Президентке сондай-ақ  мұнай өндіруші елдердегі жағдай мен  «Теңіз» кен орнындағы қазіргі ахуал және шетелдік компаниялармен жұмыс барысы баяндалды.  

 

Бүгін Мемлекет басшысы сондай-ақ бірнеше ірі шетелдік компания өкілдерін қабылдады.  Атап айтсақ,  «Citi Group» банкінің үкіметтер мен мемлекеттік сектор жөніндегі жаһандық блогының басшысы Джули Монакомен кездесіп, компанияның Қазақстанға инвестиция тарту мен инновациялық жобаларды жүзеге асырудағы жұмысын жоғары бағалап, әріптестікті жалғастыра беруге ниетті екенін жеткізді.   

 

Ал «ExxonMobil Production Company» төрағасы Нил Даффинмен кездесуде Қасым-Жомарт Тоқаев әріптестікті  арттыратын шараларды әзірлеуге бүгінгі кездесудің мол мүмкіндік беретінін айтты. Нил Даффин Қазақстандағы Шетелдік инвесторлар кеңесі бизнес өкілдерімен диалог орнататын маңызды алаң екенін айтты. 

 

Ал «Polpharma» компаниясының басшысы Ежи Старакпен кездесуінде Мемлекет басшысы дәрі-дәрмек шығару саласындағы бірлескен жобаларды талқылап, оған шетелдік инвесторлар кеңесінің жұмысына қосқан үлесі мен  Арыс қаласына көрсектен гуманитралық көмегі үшін ризашылығын білдірді. Ежи Старак Қазақстанда жақсы инфрақұрылым қалыптасқанын айтып, әріптестік алдағы уақытта тың серпін алатынына сенім білдірді.

 

Дулат АБИБУЛЛАЕВ

 

Хабарламаларға жазылу