«Қасиетті домбыра» республикалық байқауының жеңімпаздары марапатталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қасиетті домбыра» республикалық байқауының жеңімпаздары марапатталды

03.07.2019

«Жас Отан» жастар қанаты ұйытқы болған шараға елдің түкпір-түкпірінен 12 жастан 16 жасқа дейінгі 40-қа жуық бала қатысты. Дода «Үздік күйші», «Үздік термеші» және «Үздік дәстүр әншісі» сынды үш аталым бойынша үздіктердің есімін анықтады. Айта кетейік, тұңғыш рет ұйымдыстарылып отырған байқаудың діттегені – домбыраның құлағында ойнайтын дарынды оқушыларды анықтау, музыкалық шеберліктерін арттыру және жас домбырашылардың шығармашылық әлеуетін дамыту. Ұлттық мәдениеттің дамуына үлес қосатын шара келесі жылы да жалғасын таппақ.

 

Әулет Кәрібек, «Нұр Отан» партиясы «Жас Отан» жастар қанатының төрағасы:

 

Біз осы домбыра арқылы еліміздің тарихын нағыз қазақ-домбыра дейді, осы домбыраны жастар арасында насихаттап, жастар бойындағы патриоттық сезімді, өзінің тарихына деген сезімді дамыту мақсатында өткізіп отырмыз.

 

Армангүл ТОҚТАМҰРАТ

Хабарламаларға жазылу