Мемлекет басшысы Парламент Сенатының төрағасы Дариға Назарбаеваны қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысы Парламент Сенатының төрағасы Дариға Назарбаеваны қабылдады

02.07.2019

Мемлекет басшысы бүгін Парламент Сенатының Төрағасы Дариға Назарбаеваны қабылдады. Президентке Сенаттың қазіргі жұмыстары мен сайлауалды тұғырнаманы заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету туралы ақпарат берілді. Қасым-Жомарт Тоқаев мал ұрлығы мен есірткі таратуға жазаны қатаңдату қажеттігін айтты. Сондай-ақ Президент жемқорлыққа барған қарамағындағы қызметкерлері үшін мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының жауапкершілігін құқықтық тұрғыдан бекіту маңызды екенін айтты. 

 

Дулат АБИБУЛЛАЕВ

 

 

Хабарламаларға жазылу