Қарағанды облысынан Арыс қаласына кезекті көмек жөнелтілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағанды облысынан Арыс қаласына кезекті көмек жөнелтілді

02.07.2019

«Нұр Отан» партиясы жанынан құрылған бекетке екі күнде 9 тонна картоп пен 6 тоннаға жуық азық-түлік, киім-кешек, дәрі-дәрмек, басқа да керек-жарақ жиналған. Көмегін ақшалай әкеліп берген жұртта да есеп жоқ, - дейді еріктілер. 1 миллион 700 мың теңге қаржы тиісті есепшотқа аударылған. Бұл осымен бекеттен жіберілген екінші көмек. Жылу жинау әлі де жалғаса бермек. Бекет тәулік бойы жұмыс істеп тұр.

Назарбек Бекбатыров, «Nur Onan» партиясы ҚОФ төрағасының орынбасары:

Атсалысып жатқан Қарағандының қарапайым халқы. Сонымен қатар мұғалімдер, депутаттар, белсенді біздің кәсіпкерлер бүгінгі таңда өте көп көмек көрсетіп жатыр. Тіпті, қарапайым пенсиянерлердің өздері де келіп, шамасы келгенше, қолдарынан келген көмекті беріп жатыр.

Руслан НҰРЛАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу