Ақмола облысының қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті мамандарының жүргізген тексерісі осындай нәтиже берді. Гельминт жұмыртқалары жағалаудағы құмнан табылған. Тақырыпты әріптесім Ермек Елберген жалғайды.
Департамент мамандары Қопа көлі жағалауының 18 учаскесіне сараптама жасаған. Адам өміріне қауіпті гельминт паразиттері осы маңда анықталды. Бұл жер қоғамдық жағағай. Қала тұрғындары жиі демалады, шомылады. Алайда, әзірге ешқандай ескерту белгілері жоқ. Сондықтан болсар, суға түсіп жатқандар бар.
Гельминт – бұл паразит құрттар. Адам өміріне қауіпті. Ішкі ағзаға зақым келтіреді. Зиянкестің пайда болуын тұрғындар Қопа көлінің жалпы экологиялық ахуалымен байланыстырады. Себебі Көкшетаудың қоқысы, жер үйлерден шығатын қалдықтар жауын суымен көлге келіп құяды.
Абылайхан Еслям, қала тұрғыны:
Қазір лас-кір деп айтуға болады. Адамдар суға түсіп жатыр. Бірақ та басқа шет жақтарында мусор, қоқыстар көп. Соны тазалау керек. Жуырда сөз жүріп жатыр Қопа көлімізден құрттар шығып жатыр деп. Солардың барлығын тазаласа, жағағайларына барлығына қараса, осы қаламыздың көркі ғой осы қөл.
Мамандар қауіпті зиянкестердің пайда болуына бірнеше жағдай себеп болуы мүмкін дейді. Жағалаудағы жер үйлер орталық кәріз жүйесіне қосылмаған. Яғни қалдықтар Қопаға барып құйылады. Иесіз, қараусыз жүрген жануарлардан да болуы ықтимал.
Серік Омарханов, Ақмола облысы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті бастығының орынбасары:
Бұл гермидтер табиғаттар бар нәрсе. Олар природный цикл дейді ғой, сол цикл бойынша топырақта, жануарда болады. Жануардан топыраққа түседі. Солай адамдарға жұғады. Табиғатқа жат нәрсе емес ол. Адамға, әрине, қауіпті.
Паразиттер анықталғаннан кейін жедел жиын өткен. Жеке жағажай иелеріне сақтық шараларын жүргізу жүктелді. Ал қоғамдық орындарда жергілікті билік тиісті жұмыстарды атқармақ. Мамандар суға түсуге тыйым жоқ дейді. Алайда, жеке бас тазалығын ұстануға, жағажайда отырып тамақ ішпеуге кеңес береді. Жағалауды тазалау жұмыстары бойынша жоба мақұлданды. Енді қаладан аққан су көлге сүзгіден өтіп қосылады. Сондай-ақ жер үйлердің барлығын бұзу жоспарда бар.
Ермек ЕЛБЕРГЕН