Парламент палаталарының бірлескен отырысы болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Парламент палаталарының бірлескен отырысы болды

28.06.2019

Бүгін Парламент Палаталарының бірлескен отырысында VI шақырылған төртінші сессияның жұмысын ұзарту туралы мәселе қаралды. Осыған орай, 2019-2021 жылдарға арналған республикалық бюджетке түзетулер енгізу туралы түсініктемені негізге ала отырып, бірлескен отырысқа төрағалық еткен Нұрлан Нығматулин қос палата депуттарының төртінші сессияның жұмысын ұзарту мүмкіндіктерін қарастырғанын айтты. Палата спикері атап өткендей, Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қазақстандықтардың әлеуметтік мәселелерін шешуге бағытталған бастамаларын жүзеге асыру үшін бюджет жобасын жан-жақты талқылап, қабылдау қажет. Аталған мәселе Сенат пен Мәжіліс депутаттары тарапынан бірауыздан қолдау тауып, сессия жұмысы мерзімін ұзарту туралы Қаулы қабылданды.

 

Индира БЕГАЙДАР

Хабарламаларға жазылу