Петропавлда тас жолдағы шұқырларды жабудың жаңа әдісі енгізіле бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Петропавлда тас жолдағы шұқырларды жабудың жаңа әдісі енгізіле бастады

19.07.2014
Петропавлда тас жолдағы шұқырларды жабудың жаңа әдісі енгізіле бастады

Петропавлда тас жолдағы шұқырларды жабудың жаңа әдісі енгізіле бастады. Жөндеушілер енді жолдың ойылып қалған жерін одан сайын ойып, асфальт төсемейді, арнайы қондырғы арқылы үстіне битум араласқан қиыршық тас салады.

Бұл әдіс Еуропа елдерінде кеңінен қолданылады. Ал, Қазақстанда алғаш рет  Петропавлда енгізілді. Мамандардың айтуынша, жаңа технология арзан, әрі жылдам. Бұған қоса қыстың күні де қолдануға болады. Жол жөндеу аппараты қиыршық тас пен германиялық мамандар дайындаған бетон эмульсиясын араластырып жұмыс істейді. Әзірге қала аулаларындағы тас жолдар жөнделуде. Мамандардың айтуынша, мұндай әдіспен жөнделген жолдар 10 жылға дейін бүлінбейді.

Наджот Холиков, «REKMA KZ» БҰ ЖШС:

Бұл технология 4 кезеңмен жұмыс істейді. Ең алдымен шұңқырды үрлеп, тазалап, эмульсия себеді. Онан соң бетон қосындысы бар  қиыршық тас төсейді және соңында беті тағы да қиыршық таспен жабылады.

Сағындық СӘБИТҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу