Бүгін Қарағанды облысындағы «Спасск» полигонында терроризмге қарсы оқу-жаттығу аяқталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін Қарағанды облысындағы «Спасск» полигонында терроризмге қарсы оқу-жаттығу аяқталды

28.06.2019

Оған Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан елдерінің құзырлы органдары мен әскерилері қатысты. Оқу-жаттығу терроризммен күрес, оның алдын ал мақсатында жасалып отыр. Арнайы мамандар қарулы күштерге төтеп беруде соңғы әдіс-тәсілді пайдалануды үйренді. Аталмыш шара мейлінше шынайы ұйымдастырылып, оған жүздеген техника жұмылдырылды.

Герман Диденко, ҚР ҰҚК-нің терроризмге қарсы орталық басшысының орынбасары:

Жалпы, тероорлық қауіптің 12 түрі бар. Бүгінгі операция барысында үшеуі қарастырылы. Біздің жұмысымыз адам көп жиналған жерде терроризмнің алдын алуға бағытталады. Сарыарқа-Антитеррор-2019 жаттығуы сәтті аяқталды.. Оқу жаттығуды жыл сайын ұйымдастырып тұрамыз. Айта кетейін, Қазақстанда 18 антитеррорлық орталық бар.

Фариза МҰСАҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу