Бүгін Мемлекет басшысы Мәскеу қаласының бұрынғы мэрі Юрий Лужковты қабылдады. Елбасы кездесу барысында Юрий Лужковтың Астана мен Мәскеу арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға сіңірген еңбегін атап өтіп, оны 80 жасқа толған мерейтойымен құттықтады.
Ресейлік мейман Қазақстан Президенті мен барша қазақстандықтарды республика Тәуелсіздігінің 25 жылдығымен құттықтап, қонақжайлылығы үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа алғысын айтты.
Ғабит БӨКЕНБАЙ