«Арыс. Біз біргеміз!» Нұр-Отан партиясы игі бастаманың алдын-ала нәтижелері туралы мәлімет берді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Арыс. Біз біргеміз!» Нұр-Отан партиясы игі бастаманың алдын-ала нәтижелері туралы мәлімет берді

27.06.2019

«Арыс. Біз біргеміз!» атты жалпыұлттық акциясы жалғасуда. Бүгін Нұр-Отан партиясы осынау игі бастаманың алдын-ала нәтижелері туралы мәлімет берді. Қазақстанның барлық аймағынан жөнелтіліп жатқан гуманитарлық заттар Түркістан облысы мен Шымкент қаласына шоғырлануда. Тек алғашқы екі күн ішінде 430 тоннаға тарта азық-түлік тағамдары мен киім-кешек жиналған. Сонымен қатар, гигиеналық қажеттіліктер, дәрі-дәрмек пен құрылыс материалдарына дейін жиналып жатыр. Осы ретте, Нұр-Отан партиясы гуманитарлық көмекті үйлестіру жөніндегі жұмыстарды қолға алып, халықтан жиналып жатқан жылудың мұқтаж жандарға жетуін қырағы қадағалап отыр.

Тамара Түйсенова, "Nur Jtan" партиясының хатшысы:

- Қазір 9 облыс 89 тонна тауарларды дайындап отыр. Облыс штабымен бірге қажетті уақытында оны жеткізіп береміз. Тағы бір айта кететін жағдай, партияның жанында балалардың құқығын қорғау кеңесі ашылған. Сол кеңестің Шымкент қаласында мобилдік кеңсесін аштық. Бірінші күннен бастап осы кеңестің мүшелері 24 психолог балалармен жұмыс істеді. Үлкен кісілерге де көмек көрсетілуде.

Хабарламаларға жазылу