Орал қаласының тең жартысы тағы да сусыз қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Орал қаласының тең жартысы тағы да сусыз қалды

27.06.2019

Орал қаласының тең жартысына жуығы тағы да сусыз қалды. Тура бір ай бұрын апат болған кәріз құбыры тағы жарылып, 120 мың тұрғынға су беру тоқтатылды. Қазір шаһардың солтүстік-шығыс аумағы мен Деркөл шағын ауданында су жоқ. Кейбір аудандарда қысым төмен. Апат орнында 20 техникамен 30 жұмысшы еңбек етуде. Көпқабатты тұрғын үй аулаларында су тасымалмен жеткізіліп жатыр. Жағдайдың қашан қалпына келері белгісіз.

Нұр Төлеуғалиев, «Батыс су арнасы» ЖШС директоры:

- Қазір біз суды азайтқасын, жұмыстың көлемін анықтап, нақты жауап береміз. Мәселе 1-2 күнде шешіледі деп айта алмаймын. Құбырды ешкім теспеген, өзінен-өзі жарылып кеткен. 2008-2009 жылдары осы құбырлар салынды. Солардың материалынан деп шешімге келіп отырмыз.

 

Хабарламаларға жазылу