Қасым-Жомарт Тоқаев «Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаевты қабылдады. Мемлекет басшысына партияның қазіргі жұмыстары, партия Төрағасы – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың еліміздегі әлеуметтік жағдайды жақсарту және партия жобаларын одан әрі дамытуға байланысты тапсырмаларының орындалуы туралы ақпарат берілді. Президент партияның барлық бағыттағы, соның ішінде, халықтың әл-ауқатын арттыру бойынша сайлауалды бағдарламасының жүйелі, әрі белсенді түрде атқарылуының маңызды екенін атап өтті. Мемлекет басшысы қоғаммен конструктивті диалог орнатуда партияның алар орны ерекше екенін айтты. Сонымен қатар, Мәулен Әшімбаев Қасым-Жомарт Тоқаевқа Түркістан облысының Арыс қаласындағы әскери қоймада болған жарылыс салдарынан зардап шеккендерге партияның барлық облыстардағы бөлімшелерінде гуманитарлық көмек жинау орталығының ұйымдастырылғаны жөнінде хабарлады.
Асима НҰРБАЙҚЫЗЫ